Accessibility links

Мәскеуде қазақстандық студент қаза болды


Жексенбі күні кешке Мәскеудегі Бутлеров көшесіндегі №2 үйдің маңында жас жігіттің мәйіті табылған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері марқұмның ішіне сұғылған пышақ бауырын кесіп жіберген соң қансырап жан тапсырғанын анықтаған.

Кісі қолынан қаза тапқан адам – Ресей мемлекеттік мұнай-газ уинверситетінің 1 курс студенті, Астаналық Ерлан Айтымов екені мәлім болды, деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі құқық органдарына сілтеме жасап.

XS
SM
MD
LG