Accessibility links

Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсырды


Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік мейрамына орай елдің бір топ азаматына мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Солардың ішінде, Қазақстан Қарулы күштерінің штаб бастықтары Комитеті төрағасының орынбасары генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевқа ең жоғары награда – «Халық қаһарманы» атағы берілді. Ал жуырда жаңадан тағайындалған «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына Алматыдағы №159 гимназия директоры Аякүл Миразова мен Солтүстік Қазақстандық шаруашылық басшысы Геннадий Зенченко ие болды.
«Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Григорий Марченко «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG