Accessibility links

Буш: Ауғанстанды ауыр күндер күтіп тұр


Бұл жөнінде АҚШ президенті Джордж Буш Ауғанстанға күтпеген сапары кезінде айтты. Ол президент Хамид Қарзаймен кездесіп, бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Алайда Буш ауған журналисі сауалымен келіспейтінін білдірді. Ол журналист АҚШ Ауғанстанға қауіпсіздік орнату туралы уәдесін орындай алмады деген болатын. Бұдан бұрын Буш жексенбіде Ирақта болған-ды. Бұл сапарларын Буш Ақ үйден келесі айда кетер бұрын жасап отыр. Қарзаймен кездесуден бұрын Буш Бағрам әйе жайында АҚШ және басқа да шетел күштерімен кездесті. Талибан және әл-Қайдамен күрес ұзаққа созылады деді оларға.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG