Accessibility links

Шерушілер Бушқа аяқкиім лақтырған журналистің босатылуын талап етуде


АҚШ президенті Джордж Буш жексенбіде Бағдатта үкімет басшысы Нури әл-Маликимен баспасөз мәслихатын өткізіп тұрған сәтте Бушты ирақтық телебекет репортері “ит” деп балағаттап, қос аяқкиім лақтырған болатын. Дер кезінде бұғып қалған Буш аяқкиімнің өзіне зақым келтірмегенін айтты. Содан кейін журналист Мунтадар әл-Зеиди түрмеге жабылған болатын. Бағдаттағы Садр қаласы мен Басра және Нажаф тұрғындары журналистің босатылуын талап етіп, шеруге шықты. Ирақ дәстүрі бойынша аяқкиім лақтыру жеккөрудің белгісі.
XS
SM
MD
LG