Accessibility links

Нобель сыйлығы иегері АҚШ-тың энергия министрі болмақ


Жаңадан сайланған АҚШ президенті Барак Обама Нобель сыйлығының иегері ғалым Стивен Чуды жаңа әкімшіліктегі энергетика министрі етіп тағайындады. АҚШ үкіметінің Лоуренс Беркли ұлттық зертханасының директоры Стивен Чу 1997 жылы физика бойынша Нобель сыйлығын жеңіп алған болатын. Ол жаңа балама энергия көздерін дамытуды қолдайды. Барак Обаманың мәлімдеуінше, оның әкімшілігі Американың шетелдік мұнай импорттарына тәуелділігін тоқтату мақсатында және ғаламдық жылынуға қарсы күреске көмектесу үшін жаңа энергия көздерін дамыту бағытында алғабасушылықтар жасауға ұмтылатын болады.
XS
SM
MD
LG