Accessibility links

Вена соты Асанәлі Жекебаевты түрмеден босатты


Азаттық радиосына мәлім болғандай, 17 желтоқсан күні кешке Венадағы соттың мәжілісінде Асанәлі Жекебаевты абақтыда ұстау мәселесі қаралып, оны ешбір кепілдіксіз босату туралы шешім қабылданды. Асанәлі Жекебаев – ағайынды Байсақовтардың немере інісі болып табылады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Асанәлі Жекебаев Қазақстан жағының сұрауымен Интерпол жүйесі бойынша биыл 9 қараша күні Аустрия астанасы Венаның әуежайында тұтқындалып, осы күнге дейін Вена абақтысында отырды. Оны қорғауға жергілікті адвокаттар тартылды.

Оппозиция басшылары Асанәлі Жекебаевты ұстап беруді сұраған Қазақстан үкіметінің ұстанымында саяси қудалау мүддесі жатыр дейді. Өйткені кісі өлтіруге қатысы бар деген айыппен А.Жекебаевты 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, ол түрмеден денсаулығына байланысты босатылған болатын.

Тың мәліметке қарағанда, Қазақстан жағының сұрауы бойынша А.Жекебаевты Қазақстанға қайтару-қайтармау ісі Венадағы сотта қаңтар айында қаралуға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG