Accessibility links

Қазақстанға Ресей президенті келеді


Ертең Қазақстанға ҚР президенті Н.Назарбаевтың шақыруымен РФ президенті Дмитрий Медведев келмек. Ресей президенті сапарының мақсаты — Бурабайда өтетін көпжақты саммитке қатысу, — деп хабарлады ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

ҚР СІМ өкілінің мәліметінше, 19-21 желтоқсан аралығында өтетін аталған басқосуға Ресей президентімен қоса Армения, Беларуссия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары шақырылған.

Мемлекет басшыларының басқосуында аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланып, әлемдік қаржы дағдарысы туралы пікір алысу жоспарланған.
XS
SM
MD
LG