Accessibility links

Көлік апатынан төрт адам қаза тауып, үш адам зардап шекті


Қазақстанның екі облысында екі көлік апаты болып, соның салдарынан төрт адам қаза тауып, үш адам зардап шекті, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Қарағанды-Қарқара тас жолының 83-шақырымында «Мазда» және «Ауди» көліктері соқтығысып, соның кесірінен екі көліктің жүргізушілері мен «Мазданың» 46 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмған және бір жолаушы жарақаттанып, ауруханаға түскен.

Сонымен бірге Жамбыл облысында Алматы-Ташкент тас жолының 313-шақырымында «Тойота» және «Ауди» көліктері соқтығысып, 50 жастағы ер адам қаза тапқан, «Аудидің» жүргізушісі мен оның 53 жастағы жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.



XS
SM
MD
LG