Accessibility links

Депутат жүргізуші куәлігіне қосымша талондарды алып тастау қажет дейді


Өзінің үкімет басшысы мен бас прокурордың атына жолдаған депутаттық сауалында Мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаев жүргізуші куәлігіне қосымша талондарды енгізу туралы үкіметтің қаулысын алып тастау қажет деп мәлімдеді.

Kazakhstan Processing Centre АҚ бастапқыда барлық көлік жүргізушілерін талонмен тегін қамтамасыз етуге уәде берген. Алайда, ағымдағы жылдың тамыз айына дейін аталған шартпен тек 100 мыңға жуық жүргізуші ғана талон алған, бұдан кейін орталықтың басшылығы талондар 1200 теңге бағамен таратылатындығын мәлімдеген.

Депутаттың пікірінше, «талондарға қатысты мәселе қоғамда өткір пікірталас тудыруда, сондай-ақ Қазақстандағы жүргізушілердің саны 3,1 млн адам екенін ескерсек, аталған жаңалық компанияға 31 млн АҚШ долларына жуық ақшаны «оп-оңай ауадан жасауға» мүмкіндік бермек.
С.Тоқпақбаевтың айтуынша, жүргізуші куәлігіне қосымша талондарды енгізу туралы үкіметтің қаулысының күшін жоюға және орталықтың акционерлері болып табылатын адамдардың аты-жөнін анықтап, оны жария етуге Бас прокуратурада толық негіз бар.

XS
SM
MD
LG