Accessibility links

Түркияда Әл-Қаидаға қатысы бар күдіктілер тұтқындалды


Түркия полициясы Әл-Қаида желісіне қатысы бар деп күдіктелген 30 адамды қамауға алған. Анатолия ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 15 күдікті сәрсенбі күні Стамбулда, қалған 15 күдікті елдің тағы басқа екі аймағында тұтқындалған.

Тамыз айында Түркияның оңтүстік-шығысында Әл-Қаиданың мүшесі деп күдіктелген 11 адам ұсталған болатын. Оларға шабуылдарды ұйымдастыру үшін “Мұсылмандардың кек қайтару бригадасы” тобын құрды деген айып тағылып отыр. 2003 жылдың қараша айында Стамбулдағы екі синагога мен Британия консулдығына және Британияның банкіне жасалған шабуылдарға байланысты жауапкершілікті Түркиялық Әл-Қаида желісі өз мойнына алған болатын. Ол шабуылдардан 63 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG