Accessibility links

OPEC мұнай өндірісін қысқартуға келісті


Құлдырап бара жатқан мұнай бағасын көтеру үшін мұнай экпорттаушы елдер ұйымы өндірісті күніне 2.2 миллион баррелге қысқартуға келісті. Бұл соңғы 26 жылдың ішіндегі ең үлкен қысқарту болып отыр. Мұнай өндірісінің азайтылуы Алжирдің Оран қаласында өткен OPEC ұйымына мүше елдердің министрлер кездесуінен кейін жарияланды. Шілде айында 147 долларға жеткен бір баррель мұнайдың бағасы қатты түсіп, сейсенбі күні 43 АҚШ долларына жетті.
XS
SM
MD
LG