Accessibility links

«Алма-Ата Инфо» бас редакторы ауруханадан шықты


Бүгін «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есергепов ауруханадан шықты. Есергепов жүрек ауруымен 3-ші желтоқсанда ауруханаға түскен болатын. Азаттықтың тілшісіне берген сұхбатында Есергепов Алматы прокуратурасынан үйінде заңсыз тексеру жүргізуіне байланысты Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы және Жамбыл облыстары бойынша директорларына қарсы қылмыстық іс қозғауды сұрап, арыз-өтініш тапсырғанын хабарлады.

«Алма-Ата Инфо» газетінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл департаментінің ішкі құжаты жарияланған соң, бұл басылымға қарсы қылмыстық іс қозғалған еді.
XS
SM
MD
LG