Accessibility links

Алматы облысында жалған ақша жасаушылар құрықталды


Алматы-Өскемен тас жолының 381-шақырымында ұсталған күдіктілердің «Volkswagen–Vento» көлігінен екі мың теңгелік 40 жалған купюра табылған.
Бұл туралы хабарлаған ҚазТАГ-тың мәліметінше, облыстық ІІД қызметкерлері қолға түсірген жалған ақша жасаушылар Ескелді ауданының 18, 21 және 25 жастағы жұмыссыз тұрғындары екен.
80 мың теңге жалған ақшамен қолға түскен көліктің жүргізушісі тергеу аяқталғанша оқшау бақылауда, ал оның серіктерінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

XS
SM
MD
LG