Accessibility links

Әл-Заидиға сот айдың соңында басталмақшы


Бушқа аяқкиім лақтырған Ирақ журналисі Мунтазар әл-Заидидің соты желтоқсанның 31-де басталады. Бұл жөнінде бүгін журналистің заңгері Диа әл-Кенани мәлімдеді. Әл-Заиди Бушқа желтоқсанның 14-і күні, Бағдаттағы баспасөз мәслихатында аяқкиім лақтырған еді. Оған “ресми сапарда жүрген шетелдік басшыға тұрпайылық көрсетті” деген айып тағылуда. Әл-Заидидің босатылуын талап еткен шерулер елдің бірнеше қалаларында өтті.
XS
SM
MD
LG