Accessibility links

Ирақ парламенті шетелдік күштердің елде тұруын кейін қарайды


Ирақ парламенті төрағасы бүгін АҚШ әскерінен бөлек шетелдік күштердің елде тұруы туралы қарарға дауыс беру үдерісін кейінге қалдырды. Себебі бұл мәселеге қатыссыз түрде депутаттар төраға Махмуд әл-Машхаданидің қызметтен кетуін талап еткен болатын. Бұл қарар ол күштердің Ирақта 2009 жылдың шілдесіне дейін болуына жол ашуы керек болатын. Қарар жобасына байланысты өзара келісімге 275 мүшесі бар парламент депататтары жексенбі күні қол жеткізген еді. Шетелдік күштердің Ирақта тұруы туралы бұдан бұрынғы БҰҰ қарарының күші желтоқсанның 31-де жойылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG