Accessibility links

Алматыда үш адам уланып ауруханаға түсті


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматының 1- ықшамауданындағы төрт қабатты үйдің жертөлесіндегі 20 шаршы метр аумақта өрт шығып, соның салдарынан үш адам көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ 10 адам көшірілді.

Тағы бір өрт болып Алматының Түрксіб ауданы Рихард Зорге көшесіндегі «Алматы логистик центр» АҚ-на тиесілі екі қабатты үйдің екінші қабаты мен шатыры тұтанды. Өрт 300 шаршы метр аумақты шарпып, соның салдарынан ғимарат жартылай құлады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

XS
SM
MD
LG