Accessibility links

Қазақстан халқы 10,5% жеңілдікпен ипотекалық несие ала алады


Қазақстандықтар келесі жылдың қаңтар айынан бастап «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 10,5% -дық несие ала алады, — деді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов.
Қ.Келімбетовтің мәліметінше, дайын болған үйлер үлескерлерге беріледі, ал қалған үйлер аталған банк арқылы 10,5 пайыз жеңілдікпен 15 жылға дейін несиеге беріледі. Алматыдағы пәтерлердің шаршы метрі 120 мың теңгеден, ал Астана пәтерлерінің шаршы метрі 96 мың теңгеден аспауы керек.

XS
SM
MD
LG