Accessibility links

Үндістан күдікті қарулы адамның хатын Пәкістанға берді


Үндістан Мумбайдағы шабуылдарды жүзеге асыруға көмектесті деп күдіктелген қарулы адамның жазған хатын Пәкістанға тапсырды. Үндістан ресмилерінің айтуынша, әлгі хатта Мохаммед Ажмал Амир Касаб өзі және өлтірілген 9 қарулы адамның Пәкістаннан шыққандарын айтқан. Қазір Үндістан абақтысында отырған Касаб ол хатта Пәкістаннан көмек сұраған, дейді Үндістан ресмилері.

Өткен айда Мумбайда орын алған шабуылдардан 170-ке жуық адам қаза тапқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG