Accessibility links

ЕҚЫҰ-на қатысты Ресейдің әрекетіне АҚШ өкініш білдірді


Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылаушыларының Грузиядағы мандатын ұзартуға Ресейдің тосқауыл қойғанына АҚШ өкініш білдірді. Дүйсенбі күні аталған еуропалық ұйым Грузиядағы миссиясын қаңтардың 1-де доғаратынын мәлімдеді, себебі Ресей ЕҚЫҰ-нан Грузияның екі жікшіл аймағының тәуелсіздігін мойындауды талап еткен соң, миссия мандатын ұзарту жөніндегі келіссөздер сәтсіздікке ұшырады.

Тамыз айындағы Ресей-Грузия соғысынан кейін ресми Мәскеу Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз мемлекеттер деп мойындады. Алайда АҚШ пен оның еуропалық одақтастары Грузияның бұл жікшіл аймақтарының тәуелсіздігін мойындамады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG