Accessibility links

Ресей армиясы 70 ядролық зымыран сатып алмақшы


Алдағы үш айда Ресейдің әскери күштері 70-тен аса стратегиялық ядролық зымырандармен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Ресейдің әскери өнеркәсіптік комитеті басшысының орынбасары Владислав Путилин мәлімдеді. Интерфакс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жоспарға сәйкес, Ресейдің қарулы күштеріне 48 әскери ұшақ пен пилотсыз басқарылатын 6 ұшақ және 60-тан астам әскери тікұшақ, сондай-ақ, 14 әскери кеме мен 300-ге жуық танк сатып алынуы тиіс болады деген Путилин. Оның айтуынша, алдағы үш жылға арналған жоспар бойынша ел армиясын қару-жарақпен қамтамасыз ету шарасына шамамен 140 миллиард доллар қажет болады.
XS
SM
MD
LG