Accessibility links

Қостанайда вагон тұтанып, мектептен сынапты ампулалар табылды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай облысының Таранов ауданындағы Тобыл темір жол станциясының 37- жолында термикалық күкірт тиелген вагонда 0,5 шаршы метр аумақта өрт шыққан, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сонымен бірге Қостанай облысының Сарыкөл ауданы Сарыкөл ауылындағы №1 орта мектепте жалпы салмағы 400 грамм күміс түстес сынабы бар болуы мүмкін ампулалар табылған. Бұл заттар тәркіленіп, Лисаковск қаласына жоюға жіберілді.

XS
SM
MD
LG