Accessibility links

425 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды


Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытындысына сәйкес 425 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды, — деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның мәжілісінде «Болашақ» халықаралық стипендиясына 509 үміткердің жеке ісі шығарылды.

Олардың ішінен 203 адам магистратура, 265 адам бакалавриат, 2 адам докторантура, 9 адам клиникалық ординатура бағдарламалары бойынша оқуға және 30 адам ғылыми тағылымдамадан өтуге өтініш берген. Үміткерлердің көпшілігі Ұлыбритания, Ресей, Германия және АҚШ мемлекеттерінің білім ордаларын таңдаған.


AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG