Accessibility links

Мәжіліс «Саяси партиялар туралы» заң жобасын мақұлдады


Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс қорытындысына сәйкес, заң жобасы саяси партиялар қызметіндегі ұйымдастыру мен құқықтық мәселелерді жетілдіруді, қазақстандық қоғамдағы демократиялық процестерді алға бастыруды және Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі дамытуды көздейді.

Аталған заң жобасы халықаралық талаптарға сәйкес келетін саяси жүйені қалыптастыруды қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғамдағы демократиялық процестерді жылжытуға, қоғамдық қатынастардың барлық саласында саяси партиялардың рөлін арттыруға бағытталған.



XS
SM
MD
LG