Accessibility links

Жеті саяси партия сайлау туралы заң жобасына өзгертулер енгізуді талап етті


Бүгін Алматыда қазақстандық 7 саяси партияның өкілдері қазірде парламентте қаралып жатқан сайлау туралы заңға өзгертулер енгізуді көздейтін заң жобасына қатысты өз талаптарын айтып мәлімдеме жасады. Үкімет ұсынған заң жобасында демократиялық принциптер сақталмай отырғандықтан, ол жоба сол күйінде қабылданған жағдайда биліктегіден басқа саяси ұйымдарға парламентке шынайы бәсекелестік негізінде өтуге мүмкіндік бермейтіндігін айтқан партия өкілдері, егер бұл жобаға байланысты пікірлері ескерілмесе саяси шараларға қатысудан бас тартуға дейін баратындарын ескертті.
Бұл мәлімдеме Қазақстан коммунистік партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Азат» партиясы, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» партиясы, Халықтық коммунистік партия және «Әділет» партиясының аттарынан жасалды.
XS
SM
MD
LG