Accessibility links

АҚШ Азаттық радиосы хабарларының Қырғызстанда тоқтап қалғанына алаңдаулы


АҚШ мемлекеттік департаменті Қырғызстан басшылығының Азаттық радиосы хабарларын тоқтатқысы келген қадамдарына байланысты алаңдаушылық білдірді. Департамент өзінің арнайы мәлімдемесінде қырғыз тіліндегі бұл радио мен теледидар хабарларының әуеге қайта берілуіне шақырды. Қырғызстандағы сөз, пікір бостандығы мен демократияның дамуына Азаттық радиосының қосып келе жатқан үлесі айрықша аталып өтілген. Қырғыз мемлекеттік радио-теледидар компаниясы Азаттық хабарларын 8 қазаннан бері тоқтатып тастаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG