Accessibility links

Ирақ пен Түркия күрд көтерілісшілеріне қарсы бірлесіп күреспекші


Бұл жөнінде Түркия үкімет басшысы Режеп Тайып Ердоған Ирақ үкімет басшысы Нури Әл-Маликимен кездесуден кейін айтты. Әл-Малики Түркияға сапарында Түркия президенті Абдулла Гүлмен және үкімет басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Әл-Малики ПКК, яғни күрд жұмысшылар партиясы көтерілісшілеріне қарсы күресте қос елдің біріккен қауіпсіздік комитетін құру жөніндегі ұсынысты қолдайтынын айтты. Ол көтерілісшілер Ирақтың солтүстігіндегі базаларынан Түркияға шабуылдарын бастаған еді.
XS
SM
MD
LG