Accessibility links

Күрд көтерілісшілері 3 түрік сарбазын өлтірді


Түркияның оңтүстік-шығысында күрд көтерілісшілері шабуылдар ұйымдастырды. Ресмилердің айтуынша, бейсенбі күні Күрдістан жұмысшылары партиясы 3 сарбазды өлтіріп, 9 жауынгерді жаралаған. Бұл шабуыл сәрсенбі күні Ирақпен арадағы шекараға жақын жерде орналасқан Сизре ауылында орын алды.

Ал оның алдында Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Анкарада ирақтық әріптесімен келіссөз өткізген болатын. Екі ел үкімет басшылары Ирақтың солтүстігінде орналасқан түркиялық күрд көтерілісшілеріне қарсы күресте өзара ынтымақтастығын күшейтуге келісті.
XS
SM
MD
LG