Accessibility links

Британия телеарнасы Ахмадинежадқа сөз бермек


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Британия телеарнасынан Иса пайғамбардың туған күніне арналған мәлімдеме жасамақшы. Алдын-ала жарияланған президенттің мәтініне сәйкес, Ахмадинежад егер Иса пайғамбар қазір тірі болғанында, ол басқыншыл елдеріне, және соғысты тудырушылар мен лаңкестерге қарсы болған болар еді деп атап көрсетті. Британиялық еврейлердің ұйымдары мен Израилдің Лондондағы елшісі телеарнаның Ахмадинежадқа сөз беру жөніндегі шешіміне байланысты жан айқайын жеткізді. Олардың айтуынша, Иран президенті Израилге дұшпан болып табылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG