Accessibility links

Израилдің Газа аймағындағы әуе шабуылдары одан әрі жалғасуда


Израиль үкіметі запастағы мыңдаған жауынгерлерін Газа шабуылына жұмылдыруды бүгін ақылдасуда. Бұл жөнінде ел ресмилері хабарлады. Палестина президенті Махмуд Аббас болса, осы шабуылдардың басталуына жеткізді деп Хамас тобын айыптады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Израилдің Газа аймағындағы әуе шабуылдарына байланысты бүгін, желтоқсанның 28-де кезектен тыс сессиясын өткізген болатын. Ол шабуылдар кесірінен 271 палестиналық қаза болып, бірнеше жүздегені жараланған, дейді Палестина ресмилері. Қауіпсіздік кеңесі өз мәлімдемесінде Израилді әскери әрекеттерін, ал палестиналықтарды зымыран атуларын тоқтатуға шақырды. Кеңес атыстардың тез арада тоқтатылуына шақырды. Екінші күн жалғасып жатқан бұл шабуылдар барысында Израиль әскери ұшақтары Газа қаласындағы бір мешітті және Хамас тобының әл-Ақса телебекетін қиратқан. Израиль ұшақтары бүгінгі жалғаса түскен шабуылдарында кем дегенде тағы 6 адамды өлтірді дейді хабарлар. Израиль бұл әрекеттері себебін палестиналықтардың зымыран атуымен байланыстыруда.
XS
SM
MD
LG