Accessibility links

Әлем Газа аймағындағы әуе шабуылдарын айыптауда


Папа Бенедикт 16 және Ислам мемлекеттері азаматтары жағдайдың тез арада реттелуіне шақырды. Мысыр қалаларында 20 мыңдай адам палестиналықтардың өлтірілуіне наразылық танытып, шерулерге шықты. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Израилдің Газа аймағындағы әуе шабуылдарына байланысты бүгін, желтоқсанның 28-де кезектен тыс сессиясын өткізген болатын. Қауіпсіздік кеңесі өз мәлімдемесінде Израилді әскери әрекеттерін, ал палестиналықтарды зымыран атуларын тоқтатуға шақырды. Кеңес атыстардың тез арада тоқтатылуына шақырды. Екінші күн жалғасып жатқан бұл шабуылдар барысында Израиль әскери ұшақтары Газа қаласындағы бір мешітті және Хамас тобының әл-Ақса телебекетін қиратқан.
XS
SM
MD
LG