Accessibility links

Жамбыл облысында автокөлік қатынасы қалпына келді


Облыс орталығы Тараз қаласынан төрт бағыттағы жолдардың барлығында бүгін автокөлік қозғалысы қайтадан қалпына келіп, қатынас орнады, деп хабарлайдыТөтенше жағдайлар жөніндегі қызметтен.
Қар аралас жауған жаңбырдың салдарынан өткен сенбіден бастап Қордай, Айша Бибі, Шақпақ ауылдары мен 105-ші айырық бағыттарындағы жолдарда мұз қатып, жол бойында көптеген автокөлік жүре алмай тұрып қалған болатын. Аталған бағыттарға автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылып, жергілікті тиісті мекемелер екі тәулік бойы көктайғақ жолдарға құм сеуіп, тазалау жұмыстарын жүргізді. Әзірге адам шығыны туралы ақпарат болған жоқ.
XS
SM
MD
LG