Accessibility links

Израиль Газадағы соғыс қимылдарын жалғастырды


Израиль армиясының Газа аймағындағы соғыс операциясының үшінші күні өтіп жатыр.
Дүйсенбіге қараған түні Израильдің соғыс ұшақтары Газадағы үкімет үйінің кешені мен Ислам университетіне әуеден соққы берді. Операция басталған 2 күннің ішінде Газа аймағында 300-дей адам құрбан болып, түрлі есеп бойынша 700-ден 900-ге тарта кісі жараланды.
Израиль әскері мен ауыр соғыс техникасы Газаның шекарасында шоғырланып тұр. Қазір шамамен 6.5 мыңдай адам резервтен армия қатарына тартылды.
Еуропа Одағы мен БҰҰ жанжалдасушы жақтарды қантөгісті доғаруға шақырды.
XS
SM
MD
LG