Accessibility links

Ирақта С.Хуссеиннің үзеңгілестері тағы да сотталуда


Ирақтың сот билігі адамзатқа қарсы қылмыс істеді деген айып бойынша Саддам Хуссеиннің тұсында вице-премьер болған Тарик Азиз бен “Химик Әли” деген лақап атымен белгілі тұлғаның үстінен жаңа істі қарауға кірісті.
Бағдадтағы сотта Тарик Әзиз бен Саддам Хусеиннің жауларын газбен улап өлтіргені үшін “Химик Әли” деген атқа ие болған Әли Хасан Әл-Маджидке С.Хуссеиннің “Баас” партиясы үстемдік еткен кезінде өзге саяси партияларды жойды деген айып тағылып отыр.
Осыған дейцін өзге ауыр айыптар бойынша Әл-Маджид 2 рет өлім жазасына кесілді.
XS
SM
MD
LG