Accessibility links

Газа аймағында кемінде 51 бейбіт тұрғын мерт болды


Израильдің қорғаныс министрі Эхуд Барак парламентте сөйлеген сөзінде Газа аймағындағы “Хамас ұйымына қарсы соғысқа бүкіл Израиль жұмылдырылды” деп мәлімдеді.
Израильдің әскери әуе күштері Газадағы Хамас ұйымының шептеріне үшінші күн қатарынан соққы берді. Израиль армиясы Хамас ұйымының еврей қалаларын зымырандармен атқылауын тию үшін, зымырандар құрастыратын шеберханалары мен Хамас жасақтарының шептеріне соққы беруде.
Палестина шенеунектерінің хабарлауынша, соғыс операциясы басталғаннан бері 300-ден астам адам қаза тапса, БҰҰ-ның дерегі бойынша, кем дегенде 51 бейбіт тұрғын көз жұмды.
Дүйсенбі күні Газа аймағынан жіберілген зымыранның жарылысынан Израильдің Ашкелон қаласында 1 адам мерт болды.
XS
SM
MD
LG