Accessibility links

Газа аймағында Қазақстанның 15 азаматы бар


Қазақстаннның сыртқы істер министрлігінің бастапқы мәліметі бойынша, Газада осы аймақта тұрақты мекендейтін республиканың 15 азаматы жүр.
Министрліктің баспасөз-хатшысы Ильяс Омаров хабарлағандай, олар палестиналықтарға күйеуге шыққан, бірақ Қазақстан азаматтығын сақтаған әйелдер. Бірақ олар Қазақстан елшілігінде консулдық есепке алынбаған.
И.Омаровтың айтуынша, Қазақстан әйелдері отбасыларын тастап кеткісі келмейді. Ал “егер олар мен балалары басқа жаққа көшкісі келсе, біз оларды көшіре аламыз”, -деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы И.Омаров.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG