Accessibility links

2 жылдан кейін Бангладеште демократиялық сайлау өтті


Бангладештегі демократиялық парламент сайлауы негізінен тыныш өтті.
Сайлаудан бұрын Бангладеште армияның қолдауына сүйенген уақытша үкімет 2 жыл бойы төтенше билік орнатты.
Дауыс берудің барысында үкімет сайлаудың қорытындысын бұрмалау мен қантөгіске жол бермеу үшін 650 мың полицей мен армия жауынгерін тік тұрғызды. Сайлаушылардың 70 пайызы дауыс беруге қатысты.
Жаңа үкіметті жасақтауға 1991 жылдан бері алма-кезек премьер министр болған 2 әйел – Шейх Хазина Вазед пен Халеда Зиа бақталастыруда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG