Accessibility links

«АрселорМиттал Теміртаудың» 970 қызметкері мерзімінен бұрын зейнетақыға шығады


Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының көмір және болат бөлімшелерінің 970 қызметкері ерікті түрде мерзімнен бұрын зейнетақыға шығады деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.
Кәсіпорындағы«Қорғау» кәсіподағының бөлім бастығы Сергей Сивковтың хабарлауынша, ерікті түрде зейнетақыға шығатын жұмысшылардың өтініштерін қарайтын арнайы комиссияға 19-қараша мен 15-желтоқсан аралығында барлығы 1,5 мың өтініш түскен.
«Зейнетақыға мерзімнен бұрын шығу жөніндегі өтініштері қанағаттандырылған бүкіл қызметкерлер 31-желтоқсанға дейін 10 мың доллардан аспайтын өтемақы алады», - деген С.Сивков.
Оның айтуынша, комиссия білікті жұмысшыларға, өндіруші және үңгілеуші телімдердің мамандарына рұқсат етпеген. Босатылған орынға жаңа қызметкерлер келмейді, ал кәсіподақ пен әкімшіліктің келісіміне орай мұндай жүйе бойынша босатылғандардың жұмыс орындары жойылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG