Accessibility links

Израильдің соққысынан 350-ден астам палестиналық мерт болды


Израиль Хамас ұйымының Газа аймағындағы нысандарына төртінші күн қатарынан әуеден соққы берді.
Сейсенбі күні таңертең Израиль ұшағы Хамас үкіметінің 5 кеңсесін бомбалап, кем дегенде 10 кісінің қаза болғаны хабарланды.
Газа аймағындағы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мәлімдегендей, Израиль соғыс қимылдарын бастаған 4 күннің ішінде қаза тапқандардың саны 350-ден асты, тағы бірнеше жүз кісі жараланды. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, мерт болған бейбіт тұрғындардың қатары кем дегенде 62-ге жетті. Өткен дүйсенбіде Хамас ұйымының Израиль жерін атқылауынан 4 адам, оның ішінде 1 еврей жауынгері жер құшты. Ал Израильдің қорғаныс министрі Эхуд Барак Израиль Хамас ұйымына қарсы Газада толыққанды соғыс қимылдарын жүргізіп жатыр деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG