Accessibility links

Жаңа жылда Әзірбайжанда Азаттық хабарлары тоқтатылады


Жаңа жылдан бастап Әзірбайжанның ұлттық әуе толқындарынан “Азаттық” радиосы, “Америка дауысы” және Би-Би-Си телерадиокорпорациясының хабарларын беру тоқтатылады. Сейсенбі күні Әзірбайжанның Ұлттық телерадио кеңесі осындай шешім қабылдады.
Кеңестің төрағасы Нушираван Магеррамли хабарлағандай, “заң бойынша ұлттық радио толқындарында тек Әзірбайжанның телерадиоқұрылымдары ғана хабар береді”.
Алайда тәуелсіз сарапшылар мұндай шешімнің заңдылығына күмән келтіреді.
Желтоқсан айының басында Азаттық радиосы мен “Америка дауысы” қарайтын АҚШ-тың хабар тарату кеңесінің немесе BBG-дің делегациясы Бакуде аталған радиобекеттерінің жұмысын жалғастыру үшін барлық ресми мәселені шешуге әзір екенін мәлімдеген болатын.
Бақылаушылар шетелдік радиохабарларды доғару туралы шешімнің астарында саясат жатыр және Әзірбайжанда сөз бостандығын қудалау жалғасты деп есептейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG