Accessibility links

Пәкістан армиясы содырларға қарсы операция бастады


Пәкістанның қауіпсіздік күштері шекара маңындағы Хайбер өткелінде содырларға қарсы операциясын бастап, Ауғанстандағы халықаралық күштерге тасымалданатын жүктің жолын кесті.
Үкімет өкілдерінің хабарлауынша, Хайбер өткелін “содырлар мен қарақшылардан босатып көру үшін ол жаққа ауыр соғыс техникасы мен соғыс тікұшақтары және артиллерия бөлімдері жұмылдырылды”.
АҚШ бастаған НАТО күштеріне қажетті азық-түлік, жанармай және тағы басқаның 75 пайызы тасымалданатын таулы Хайбер өткелінде осы айдың басында жүк көліктеріне бірнеше дүркін шабуыл жасалып, 100-деген жүк көлігі жойылды.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG