Accessibility links

Алматыда екі бала петарданың жарылуынан жарақаттанды


Қалалық құтқару қызметінің кезекшілік пультіне келіп түскен ақпарат бойынша, Алматыдағы Бостандық ауданында Левитан мен Жароков көшелерінің қиылысына жақын орналасқан №125 орта мектептің аумағында 11 жастағы екі бала петарданың жарылуы салдарынан жарақаттанып қалған, — деп хабарлайды ҚазТАГ.
Құтқару қызметінің мәліметінше, жарылған петарда бір баланың көзінің шел қабығына, екінші баланың қолына зақым келтірген. Зардап шеккен балалар № 1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG