Accessibility links

Қазақстанның ЖІӨ-і 135 млрд доллар болды


«2008 жылы Қазақстанның ЖІӨ-і 135 млрд долларды құрады, яғни жан басына шаққанда 8 450 доллардан келеді деген сөз, бізде бұрын-соңды мұндай жетістік болған емес», — деді мемлекет басшысы Н.Назарбаев ресми БАҚ-на берген сұхбатында.
ҚР президентінің айтуынша, елде электр энергиясы, азық-түлік өнімдері мен тасымалдау құны анағұрлым арзан, сондай-ақ инфляция 10 пайыздан төмен және жұмыссыздар саны да 7,6 дан 6,5 пайызға азайған.
Сонымен бірге Қазақстанды 2009 жылы ЕурАзЭс, ШЫҰ және Ислам конференциясы ұйымдарына төрағалық ету сияқты маңызды да үлкен міндеттер күтіп тұр, тұрғындарды жұмыспен қамту үшін мектептер мен ауруханалар, теміржолдар мен автокөлік жолдарын салуымыз керек, — деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

XS
SM
MD
LG