Accessibility links

Петропавлдық архитектор 5 жылға бас бостандығынан айырылды


Қалалық соттың шешімімен бұрынғы архитектор 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жалпы режимде жазасын өтейтін болды, — деп хабарлады «Қазақстан Бүгін».
Айыптау қорытындысы көрсеткендей, Мещанск орманы аумағындағы бірнеше жылдан бері өзіне тиесілі 4 гектар жерді заңдастырып алғысы келген кәсіпкер Сергей Марковтан бұрынғы архитектор Денис Кузнецов бастапқыда 20 мың доллар ақша сұрап, кейіннен 10 мың доллар алған.
Тінту барысында бұрынғы архитектор Д.Кузнецовтан аталған көлемдегі ақша табылған, сондай-ақ тергеу кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындаған. Сот Кузнецовқа бес жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарып, мал-мүлкін тәркіледі.

XS
SM
MD
LG