Accessibility links

Қазақстанның 25 азаматы Газадан кетуге рұқсат алды


Израиль үкіметі шетелдік паспорттары бар палестиналық 367 азаматтың Газа аймағынан кетуіне рұқсат берді. ДПА агенттігіне Израильдің сыртқы істер министрлігінің өкілі Игал Палмор хабарлағандай, олардың ішінде Ресейдің 168 азаматы, Украинаның 85, Молдованың 28, Қазақстанның 25, Беларусьтің 15, АҚШ-тың 33 және Түркия мен Норвегияның бірнеше азаматы бар көрінеді.
Палмордың сөзіне қарағанда, олардың барлығы да Израильдің Эрец шекара бекетінен өтіп, одан кейін Иорданиямен арадағы шекараға жеткізіледі.
Игал Палмордың сөзіне қарағанда, шетелдік дипломаттар мен қайырымдылық ұйымдарының қызметкерлері Газа аймағының шекарасын қайырымдылық дәліздері арқылы еркін ары-бері өте алады.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG