Accessibility links

Израиль армиясы Газаны жетінші күн соққылауда


Израиль Хамас ұйымының Газа аймағындағы нысандарына жетінші күн қатарынан әуеден соққы берді. Бейсенбі күні Израиль авиациясының әуе соққысынан Хамастың бір серкесі Низар Райян қаза тапты.
Израиль соғыс қимылдарын бастаған күннен бері, Палестина жағының есебі бойынша, 400 астам адам құрбан болды. Өз кезегінде палестиналық күштер Израилдің елді-мекендерін зымырандармен атқылауын жалғастырды.
Израиль өз жерін атқылау тоқтамайынша, бітімге бармайтынын мәлімдеді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG