Accessibility links

Палестина халқы Израиль соғысына қарсы шеруге шықты


Жұма күні Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Рамалла қаласында мыңдаған палестиналық Израильдің Газа аймағындағы соғыс операциясына қарсы наразылық шеруіне шықты. Израильдің бірнеше мың полицейі Иерусалим қаласын күзетіп жүр. Оның қарсаңында палестиналық бітіспес ХАМАС ұйымы Палестина автономиясының барлық елді-мекенінде Израильге қарсы жаппай наразылық шараларын өткізуге шақырған болатын.
Израиль армиясының Газадағы 7 күн бойы жалғасқан соғыс қимылдарының салдарынан 400-ден астам халық қырылды. БҰҰ-ның есебі бойынша, 400 құрбанның кем дегенде 1/3-і бейбіт халық.
Өз кезегінде ХАМАС ұйымының жасақтары Израиль жерін зымырандармен атқылауын жалғастыру үстінде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG