Accessibility links

Чехия: “Газ дауы” –Ресей мен Украинаның ішкі проблемасы


Жаңа жылдан бастап Еуропа Одағына төрағалық ететін Чехия Республикасы Ресей мен Украина арасындағы “газ дауы” – аталған екі елдің ішкі проблемасы деп мәлімдеді.
Чех үкіметінің өкілі Иржи Потужник мәлімдегендей, Еуропаға келетін газ үзілгенде ғана Чехия осы жағдайға араласады. Еуропаға экспортталатын орыс газының басым бөлігі Украина жерінен өтеді.
Бұл мәлімдеме – Чехия үкіметі мен Украинаның үкіметтік делегациясы арасында жұма күні Прагада болып өткен келіссөздің барысында айтылды.
Украина үкіметі Ресеймен арадағы “газ дауы” кезінде Еуропа Одағының қолдауына ие болу үшін бірқатар Еуропа елін сапарлап жүр.
XS
SM
MD
LG