Accessibility links

Аустралия Гуантанамо тұтқындарын қабылдамайды


Аустралия АҚШ-тың Гуантанамо соғыс базасындағы түрмеде отырған тұтқындарды қабылдаудан бас тартты.
Премьер-министрдің міндетін атқарушы Джулия Гиллар ханым мәлімдегендей, мұндай шешім ұлттық қауіпсіздік мүддесінен туып отыр.
Хабарға қарағанда, Вашингтон 255-тей тұтқынды қабылдауды сұрап Ұлыбритания мен тағы бірқатар Еуропа еліне өтініш жолдаған.
АҚШ Куба аралындағы Гуантанамо түрмесін жабуды жоспарлап отыр. Түрме терроризммен айналысты және “Әл-Қаида” ұйымына мүше болды деп күдік туғызғандарды ұстау үшін 2002 жылы ашылды.
XS
SM
MD
LG