Accessibility links

Ресейде Сочи-2014 ойындарына дайындық туралы заң қабылданды


Ресей президенті Дмитрий Медведев 2014 жылы Сочи қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысын реттейтін бірқатар заңға түзетулер енгізу туралы заңға қол қойып бекітті.
Заңда Олимпиада нысандарын салу үшін жер телімдері мен ғимараттарды мемлекет меншігіне алуды емес, оларды уақытша пайдалану немесе айырбастап алу мүмкіндігі қарастырылған. Меншік иелері ондай келісімдерден бас тарта алмайды. Бас тартқан жағдайда жер телімі немесе қозғалмайтын мүлік нысандары мемлекет меншігіне тартып алынады.
XS
SM
MD
LG