Accessibility links

ЕО орыс газын алудың Киевтен басқа бағытын іздейді


Украина арқылы өтетін Ресей газының көлемі азая беретін болса, онда Еуропа Одағы өзіне қажетті Ресей газын алу үшін мен Украинадан басқа бағыт іздеуге мәжбүр болады. ЕуроОдаққа төрағалық ететін Чехия үкіметі мәлімдегендей, орыс газын Украинадан басқа балама бағытпен Еуропаға тасымалдайтын “Солтүстік ағын” және “Оңтүстік ағын” газ құбырларын салуды жеделдетуге Еуропа Одағы дайын.
Бұл, сонымен қатар, Каспий елдерінің көгілдір отынын ЕуроОдақ елдеріне тасымалдауды көздейтін Набукко жобасының мүмкіндігін де арттыра түседі.
Мәскеу мен Киев жаңа жылда сатылатын газдың бағасы бойынша уәжге келе алмай, Ресей Украинаға газ беруін доғарып, одан Еуропа елдері зардап шегуде.
XS
SM
MD
LG